Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде өнімдерден сынама алатын зертхана құрылғылары ескірген

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК-ның әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлы еліміздегі өнімдерге сынама жасайтын зертханалардағы жабдықтар ескіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі BAQ.KZ-сілтеме жасап.

10.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, қазір Қазақстан зертханаларының сынақ базасын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

«Еліміздегі зертханалардың көбі қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Жабдықтардың 60% Ресейден алынған, оның 30 пайызының жұмыс істеп келе жатқанына 15 жылдан асқан. Тіптен, 1960-1970 жылдары шығарылған жабдықтар да бар. Қазіргі заман талабына сай келетін зертханалар өте аз. Сол себепті зертхана жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр», – деді Алмат Орынғалиұлы.

Сонымен қатар, ол сынама жасайтын зертхана жабдықтарын жаңғырту өнім бағасының өсуіне көп әсер етпейтінін жеткізді.

«Мәселен, сүттің сынамасын алатын зертхана жабдығын жаңарту өнім бағасының 2-3 есеге қымбаттауына әсер етпейді. Жабдықтарды жаңарту сынамаларды нақты жасауға әкеледі. Біз сынама жүргізетін зертханалардың жұмысына араласпаймыз, тек жабдықтарды бағалау жұмыстарын жүргіземіз. Бұл зертханалар халықтың сапалы өнім тұтынуына мүмкіндік береді және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деді Алмат Орынғалиұлы.

Сондай-ақ, ол бір облыста толыққанды зерттеу жасай алатын зертхана ашу үшін 1,5 млрд доллардан астам қаражат қажет болатынын жеткізді.

Тегтер: зертханаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Табиғатқа жанашырлық – ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
31.07.2026

Заңға құрмет – елге құрмет

Диана Ахметова
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz