Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Елімізде кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну басталды

Науқан 19 күнге, яғни 11 қазан кешкі сағат алтыға дейін созылады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

23.09.2022
Жаңалық

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Президенттікке үміткерге мынадай талаптар қойылады:

  • тумысынан Қазақстан азаматы болуы керек;
  • соңғы 15 жыл ел аумағында тұруы шарт;
  • жоғары білімі бар;
  • 40 жасқа толған;
  • белсенді сайлау құқығына ие;
  • мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
  • мемлекеттік тілді еркін меңгеруге тиіс.

Сондай-ақ саяси додада бақ сынайтын кандидаттар 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

«Бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайды. Бұл 50 ең төменгі жалақы. Егер кандидат лауазымға сайланса немесе дауыс беруге қатысатындардың кемінде 5% даусын жинаса, сайлау жарнасы қайтарылады», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Бұдан бөлек, президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың және астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1%-нің қолын жинаумен куәландырылуға тиіс.

Еске салсақ, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енген. Соған сәйкес, әрбір кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы шарт.

Сайлау алдындағы үгіт 21 қазанда басталып, 18 қарашада аяқталады. 19 қараша – тыныштық күні. Ал 20 қарашада халық сайлау учаскелеріне барып дауыс береді.

Тегтер: кандидатҚазақстанПрезидентсайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz