Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елена Рыбакина Словенияда өткен турнирдің финалында ұтылып қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

19.09.2022
Жаңалықтар

Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда чехиялық Катержина Синяковамен бас жүлде үшін таласты.

Бірінші партияда Рыбакина қос брейк жасап, 5:0 есебімен алға кеткенімен, Синякованың таразы басын теңестіруіне мүмкіндік беріп қойды – 5:5. Бірнеше сет-пойнтты да пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте қарсыласын тығырыққа тірей білді – 7:6 (7:4).

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасағанымен, чехиялық теннисші сол бойда есе қайырды – 4:4. Бұл жолы тай-брейкте Синякова сәтті ойнады – 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші сетте К.Синякова брейкпен алға кетті – 4:2. Содан соң Елена Рыбакина есепті теңестіргенімен, чехиялық ойыншы қайта брейк жасады. Ақыры ол матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Үш сағатқа созылған тартысты матчта Елена 8 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Бұған дейін Елена Рыбакина сегіз рет WTA додаларының финалына шығып, соның екеуінде ғана үздік шыққан еді.

Тегтер: елена рыбакинаСловениятурнирфинал

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz