Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті

Ол төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік спортшымен таласады

13.05.2023
Жаңалықтар

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.

Бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте басым түсті — 7:6 (7:4).

Екінші сет жеңілірек болды — 6:1.

Жарты сағаттан астам уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен таласады. Ол әлемнің 26-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенсті жолдан тайдырды — 6:4, 4:6, 6:3.

А.Калинскаямен қазақстандық спортшы өзара үш рет ойнап, соның екеуінде ресейлік жеңіске жетті. Биыл Майами мастерс жарысында Елена 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңген еді. Алайда Мадридте дәл осындай додада ұтылып қалды — 5:7, 6:4, 2:6.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина мажарстандық Тимея Бабошпен бірге Рим турнирін жеңіспен бастады. Олар алғашқы айналымда америкалық Эмма Мухаммад – мексикалық Джулиана Олмосты ұтты — 4:6, 6:3, 10:6. Енді олар ширек финалға шығу үшін Беларусь өкілі Виктория Азаренко — бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

Тегтер: елена рыбакинаРимтеннистурнир

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz