Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

21.12.2022
Жаңалықтар

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік шықты.

Биыл 23 жастағы спортшы Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдонда топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды.

Аталмыш байқауды «Еуразия жыл адамы» ұйымдастыру комитеті 2000 жылдан бері өткізіп келеді. Түрлі саладағы жыл үздіктеріне «Алтын адам» сыйлықтары тапсырылады. Оны анықтау үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргізіліп, сарапшылар дауыс береді, ұйымдастыру комитеті талдау жасап, қазылар алқасы үздіктерді таңдайды.

Әр жылдары Қазақстанда Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров, Елена Хрусталева, Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Фируза Шәріпова, Қазбек Валиев, Зульфия Габидуллина және басқа спортшылар лауреат атанды.

Тегтер: Алтын Адамелена рыбакина

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz