Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Электрондық цифрлық қолтаңбаны енді ұялы телефон арқылы алуға болады

Халықтың ең көп сұранысына ие электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) енді телефон қосымшасы арқылы алуға болады.

18.04.2023
Жаңалықтар

Енді ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.

Бұған дейін компьютері жоқ қазақстандықтарға ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келді. Халықтың өтінішіне құлақ асып, Мемлекеттік корпорация жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін енгізді. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіңіз. Ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.

«Жыл басынан бері 4 миллионнан астам азамат қызмет алу үшін ХҚО-ға жүгінді. Олардың шамамен 30%-ы ерекше сұранысқа ие ЭЦҚ алу қызметіне тапсырыс берген. Сондықтан біз ХҚО-ға баруды қажет етпейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді және ыңғайлы амалын ойластыруды мақсат еттік. Қазіргі таңда «Мобильді ХҚО» арқылы 38 қызмет алуға болады. Тізімді әлі де толықтырамыз», — дейді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Ақылы қызметтерге тапсырыс беру кезінде төлем шоты екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына келеді. Клиент бейнеқоңырау арқылы қызмет алу барысында баж салығын бірден төлей алады. Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚО-ға баруды алдын-ала брондауға, электронды кезек талонын алуға, сізге жақын орналасқан ХҚО мекенжайын және өзекті мәселелерді көруге болады.

Тегтер: телефонЭЦҚ

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz