Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елде белсенді еріктілер қатары 4 есеге көбейген

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

06.06.2023
Жаңалықтар

Айтуынша, еліміздегі волонтерлік қозғалыс – жалпыхалықтық қолдауға ие болған ауқымды жобаға айналған.

«Елімізде волонтерлік қызметке қатысып жүрген азаматтар мен ұйымдардың қатары артып, бағдарламалар мен жобалар ауқымы айтарлықтай кеңейе түсті. Соңғы үш жылдың өзінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артып, белсенді волонтерлер қатары 4 есеге көбейді. Олардың 65%-ы 29 бен 54 жас аралығындағы азаматтар», — деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол республикада заңнамалық деңгейде волонтерлерді қолдау шаралары енгізілді деп отыр.

«Оның аясында, оқуға тапсыру мен жұмысқа орналасу кезінде жеңілдіктер қарастыру, волонтерлік ұйымдарға мемлекеттік мүлікті ақысыз негізде жалға беру қарастырылған. Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында волонтерлердің республикалық және 20 өңірлік фронт-офистері өз жұмысын жалғастыруда. Олар жыл сайын 113 мыңнан астам волонтердің қатысуымен 6 мыңнан астам іс-шара өткізіліп жатыр», — деді Данияр Қадыров.

Тегтер: Данияр ҚадыроверіктілерҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz