Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Экология министрлігі Шарын ұлттық паркі туралы қызықты деректер жариялады

Қазақстандағы ең көрікті табиғи орындардың бірі саналатын Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – елдің ғана емес, әлемдік деңгейдегі ерекше табиғи мұралардың бірі. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Шарын ұлттық паркінің табиғи байлығы мен тарихи маңызы туралы мәліметтер жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Министрлік мәліметінше, Алматы облысында орналасқан ұлттық парк 127 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ 2004 жылы экологиялық, ғылыми, тарихи және эстетикалық маңызы жоғары табиғи кешендерді сақтау мақсатында құрылған.

Бүгінде парк ЮНЕСКО-ның Халықаралық биосфералық резерваттар желісіне енген. Бұл оның әлемдік деңгейдегі табиғи құндылық екенін көрсетеді.

Шарын ұлттық паркінің басты символдарының бірі – әйгілі Шарын шатқалы. Миллиондаған жылдар бойы жел мен судың әсерінен қалыптасқан алып қызыл жартастар табиғаттың ғажайып туындысына айналған. Сырт көзге ежелгі қамалдарды еске түсіретін шатқалдың биіктігі кей жерлерде 370 метрге дейін жетеді.

Мамандар Шарын шатқалы геологиялық ерекшелігі жағынан АҚШ-тағы әйгілі Үлкен каньонмен салыстырылады. Сондықтан бұл орын жыл сайын мыңдаған туристі өзіне тартатынын айтады.

Парк аумағындағы тағы бір ерекше табиғи нысан – Шарын ерен тоғайы. Бұл – мұз басу дәуірінен бері сақталып келе жатқан сирек табиғи ескерткіштердің бірі.

Өзен бойында табиғи жағдайда өсетін соғды ерені ағаштары ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып, бүгінгі күнге дейін жеткен. Жергілікті тұрғындар бұл ағашты «ерен» деп атайды. Әлемде өте сирек кездесетін бұл өсімдіктің табиғи таралған негізгі мекендерінің бірі дәл осы Шарын өңірі болып саналады.

Ұлттық парк аумағында сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрі мекендейді. Бұл өңір биологиялық алуантүрлілікті сақтау тұрғысынан да ерекше маңызға ие.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Диана Ахметова
28.07.2026

Конституция және азамат: құқық пен жауапкершілік

Диана Ахметова
28.07.2026

Интернет алаяқтықтан сақтану – қауіпсіздіктің маңызды шарты

Диана Ахметова
28.07.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Диана Ахметова
28.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz