Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда алаяқтар жаңа әдіс арқылы азаматтарды алдап, скринингтік тексеруден өту сылтауымен әрекет ете бастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2025
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, алаяқтар өздерін медициналық ұйым қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалып, СМС арқылы келген кодты айтуын сұрайды.

«Алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, СМС арқылы келген кодты жазып, тексеруден өтетінін растауды сұрайды. Ешқандай мемлекеттік медициналық мекеме СМС код арқылы жазбаны растауды талап етпейді», – делінген министрлік ақпаратында.

Мамандардың айтуынша, СМС арқылы келетін кодтар цифрлық сервистерге кіру немесе қаржылық операцияларды растау үшін беріледі. Мұндай кодты үшінші тұлғаларға айту жеке деректердің немесе банк шоттарының қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.

Министрлік азаматтарды мұқият болуға және белгісіз нөмірден келген қоңыраулар мен СМС-хабарламаларға сенбеуге шақырады. Күмән тудыратын жағдайда жақын маңдағы медициналық ұйымға немесе 1414 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Цифрлық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан жеке деректерді қорғауға немқұрайлы қарамау маңызды.

Тегтер: денсаулықминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz