Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.04.2025
Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қар мен көктайғақ күтіледі.

5 сәуірде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал. Шығыс пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда кейде қатты жауын-шашын күтіледі.
6–7 сәуірде батыс, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр күшейеді.

Сонымен қатар, тұман түсіп, желдің күшеюі, 5 сәуірде түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

 Температуралық фон бойынша болжам:

  • Батыс өңірлерде:
    Түнде +3…+8-ден +5…+12°С-қа дейін, күндіз +15…+22°С-қа дейін жылынады.

  • Оңтүстік-батыста:
    Түнгі температура +5…+10-нан +8…+13°С-қа дейін, күндіз +17…+25-тен +12…+20°С-қа дейін өзгереді.

  • Солтүстік-батыста:
    Түнде -3°С аяздан +13°С-қа дейін көтеріледі, күндіз +13…+20°С-тан +10…+18°С-қа дейін төмендейді.

  • Солтүстік өңірлерде:
    Түнде -5°С аяздан +7°С-қа дейін жылынады, күндіз +8…+15-тен +13…+20°С-қа дейін көтеріледі.

  • Орталықта:
    Түнде -5°С аяздан +10°С-қа дейін, күндіз +8…+15-тен +10…+20°С-қа дейін жылиды.

  • Шығыста:
    Түнгі ауа райы +2…+7°С-тен -1…-8°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз +5…+12-ден +13…+20°С-қа дейін көтеріледі.

  • Оңтүстікте:
    Түнде +5…+13-тен +10…+17°С-қа дейін, күндіз +18…+25-тен +17…+28°С-қа дейін жылу сақталады.

  • Оңтүстік-шығыста:
    Түнде +3…+12°С, күндіз +10…+22-ден +15…+28°С-қа дейін көтеріледі.

Синоптиктер күн күрт құбылып, жауын-шашынмен қатар көктайғақ, тұман мен жел соғуы мүмкін екенін ескертіп, азаматтарды жолда абай болуға және ауа райы болжамдарын қадағалап отыруға шақырады.

Тегтер: ауа райыБасты жаңалықтардемалыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz