Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дарынды мектеп түлектеріне «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқу мүмкіндігі беріледі

Қорлан Нұрланқызы
05.12.2024
Жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Бағдарламаға енді тек магистратура мен докторантура ғана емес, бакалавриат деңгейінде де гранттар бөлінбек. Бұл гранттарға ең үздік халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары үміткер бола алады», – деп мәлімдеді депутат.

Оның айтуынша, бұл қадам «ақылдың шетелге ағуын» тоқтатып, елге білікті мамандарды қайтаруды көздейді. Бағдарлама арқылы Қазақстанның қаражатына білім алған студенттер оқуын аяқтаған соң елге оралып, қызмет етуге міндеттеледі.

«Бүгінде әлемнің жетекші университеттері халықаралық олимпиада жеңімпаздарына өздері грант ұсынып, оларды шақырып алады. Нәтижесінде, жастар сол елдерде қалып қояды. Ал біз бакалавриатқа мүмкіндік беру арқылы дарынды жастарды елге қайтарып, Қазақстан экономикасына қызмет етуге бағыттаймыз», – деді Аймағамбетов.

Бұл бастама елдегі дарынды жастардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, оларды шетелдік үздік тәжірибелерді меңгеруге және отандық экономиканы дамытуға үлес қосуға ынталандыруды көздейді.

Тегтер: министрлікоқу

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz