Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұрынғы вице-министр Қожағапановтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов 6 наурызда өткен брифинг барысында бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қандай күдік келтірілгенін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Агенттік өкілінің айтуынша, бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

«Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында «Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын» ұйымдастыру бойынша шарт жасасуда жекенің мүддесін қолдаған. Бұл ретте форумды өткізуге арналған сметадағы сандар негізсіз екі есеге ұлғайған. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына алып келіп соқты», — деді Арман Тілеукенов.

Ол қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүліктің де анықталғанын атап өтті. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Тегтер: қылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz