Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта турникке тартылу бойынша республикалық «TARTYL FEST» спартакиадасы өтті

Қонаев қаласында турникке тартылудан республикалық жарыс басталды. Бұл жарыс Қазақстанның 20 қаласында өз жалғасын табады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

10.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Алматы облыстық баспасөз қызметі

Алматы облыстық баспасөз қызметі

Алматы облысының үздік спортшылары Қапшағай су қоймасының «Жағажай» спорт алаңында бас қосты. Қонаев қаласы республика бойынша айтулы жарысты өткізген алғашқы қала болғанымен, турнирге қатысуға 180 спортшы өтініш білдірген.

«Бұл турнирді өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Бұқаралық спортты дамыту — Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерінің бірі. Бір апта бұрын біз халықаралық «Oceanman» жүзу жарысын өткіздік. Қонаев қаласы жаңа мәртебеге ие болған соң, біз спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытамыз. Бұл турнирді өткізу балаларымыз бен жастарымызды белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға оң әсерін тигізеді. 9 шілде күні облыс орталығымыздың құрылғанына 52 жыл толды. Республикалық турнирдің қаламызда басталуы қуантарлық жағдай», — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде бұл турнирді өткізу идеясының авторы, «Дара» дарындыларды қолдау қорының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев барлық қатысушыларды құттықтап, күзде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға шығуға жігерлендірді. Жобаның амбассадоры, жаттықтырушы әрі актер Айтым Жақыпов өз командасымен бірге көрермендер мен қатысушыларға шеберлік сыныбын өткізді.

Қатысушылар салмағы мен жасына қарай тоғыз санатқа бөлінді. Үш жеңімпаз 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлық алды.

Сонымен қатар, облыс әкімі байқаудың қарт қатысушысы  76 жастағы ардагер Бұлар Мейіржановты барша көрерменге үлгі етіп, арнайы сыйлықпен марапаттады. Сондай-ақ, турнирдің ең жас қатысушысы он үш жасар Әмірхан Әнуарбеков арнайы номинацияның иегері атанды. Қыздар арасында жалғыз қатысушы Жібек Құлымбетованың да талпынысы елеусіз қалмады. Ал көрермендер сыйлығының иегері Қарасай АІІБ патрульдік қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Әлхазур Дадаев болды.

10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында 9 санат бойынша 27 жеңімпаз іріктеліп алынады. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы гранд-финалға қатысады. Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін «Tartyl fest» жайлы толық ақпарат Alataunews. kz сайтында алдын ала жарияланған болатын.

 

1 of 12
- +
Тегтер: Қонаевтурникке тартылу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz