Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Британияда алғаш рет жатыр ауыстыру операциясы сәтті жасалды

Британияда алғашқы жатыр трансплантациясы сәтті өтті. Науқастың әпкесі донор болды. Екі әйелдің де жағдайы жақсы, деп хабарлайды ВВС.

25.08.2023
Жаңалықтар

Ота бір апта бұрын жасалды, бірақ ол туралы апалы-сіңлінің жағдайы біршама жақсарған соң енді хабарланды.

Хирургтардың айтуынша, екі рет жүргізілген сәтті отадан кейін екеуінің де «бақыттан басы айналды».

Ота Оксфордтағы ауруханада тоғыз сағаттан астам уақытқа созылды.

Екі әйел де есімін жарияламауды сұраған. Үлкені 40 жаста, оның екі баласы бар, ол енді балалы болмау жөнінде шешім қабылдаған.

Сіңлісі Майер-Рокитанский-Кастер-Хаузер (MRKH) синдромымен туған. Оған шалдыққандардың жатыры дамымайды немесе мүлдем болмайды. Оның басты белгісі – жасөспірім қыздарда етеккірдің болмауы. Оған әлемде 5 мың әйелдің бірі шалдығады.

Бірақ ауыратын әйелдердің аналық безі зақымдалмайды, қалыпты жұмыс істеп тұрады.

Бұған дейін мұндай науқастар суррогат аналардың көмегімен ғана балалы болған. Трансплантацияның көмегімен енді олар жүкті бола алады, бірақ табиғи жолмен емес, тек кесар тілігімен босанады.

Жатыр трансплантациясының басқа органдардан айырмашылығы – ол өмір бойына емес, әйел бала көтеру үшін тек бірнеше жылға жасалады. Кейін органды алып тастайды, әйел қалыпты өмір сүреді және иммундық жүйені төмендететін дәрілер қабылдамауға болады.

Операцияға дейін сіңлісі эмбриондар жасау үшін күйеуінің сперматозоидтарымен ұрықтандырылған жұмыртқаларды алу үшін овуляцияны ынталандырудың екі циклынан өткен.

Трансплантация сәтті болған жағдайда оларды донорлық жатырға трансплантациялау үшін ең өміршең бес эмбрион қатырылды. Жетекші хирург профессор Смиттің айтуынша, қазіргі уақытта трансплантацияланған жатыр «өте жақсы жұмыс істеп жатыр».

Осы жылдың күзінде Ұлыбританиядағы тағы бір әйелге басқа әйелдің жатырын салу жоспарланып отыр.

Тағы бірнеше науқас өз кезегін күтіп жүр.

Тегтер: Британияжатырота

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz