Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау басталды

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

11.01.2023
Жаңалықтар

Құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

  • 1-ші кезең — 27 қаңтарға дейін жалғасады;
  • 2- ші кезең — 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында;
  • 3-ші кезең — 5 маусым мен 7 шілде аралығында;
  • 4-ші кезең — және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізілетін болады.

Конкурстық іріктеу 2023 жылдың 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Ұсынылатын ЖОО-дар тізімінде әлемнің 27 елінен 236 университеті бар. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.

«Инженерлік-техникалық мамандар» жеңілдік санаты бекітілді.

Сонымен қатар медициналық қызметкерлер үшін жеңілдік санаты енгізілді. Квоталық санаттардың тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ олар құжат тапсырған кезде шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз бетімен түсуге міндетті емес. Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын оқу орындарындары тізімінен таңдай алады.

Естеріңізге сала кетейік, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады. Оларға жеңілдігі бар кандидаттар қатарына жатпайды.

Тегтер: Болашаққұжатстипендия

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz