«Биылға коронавирус инфекциясымен күрес жұмыстарына 100 млрд теңге бөлу жоспарланған. Осы бағытта вакцина сатып алу, науқастарды емдеу, сондай-ақ қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу ескерілген», — деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.
Министрдің айтуынша, биылғы бюджет былтырға қарағанда алты есе төмен.
Еске салайық, елде 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайы жиіледі.