Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматыда жеміс-жидектердің жаңа 5 сорты шығарылды

Биыл Алматыда жеміс-жидектердің жаңа 5 сорты шығарылды. Енді күзде ғалымдар оны шаруа қожалықтарына беріп, өндіріске енгізбек, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

04.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Игі бастаманың арқасында өнімнің түсімі 2 есеге артпақ. Алайда сапасы жоғары, төзімділігі мықты, дәмі тіл үйіретін жемістерді шығару үшін 20 жылға жуық уақыт кетеді екен.

Бүгінде еліміздің мемлекеттік тізбесіне 202 жеміс дақылы мен жүзім сорты енгізілген. Мамандардың айтуынша 1937 жылдан бері көп түрі ескірген. Бірақ соңғы 30 жылда институт қызметкерлері 150-ден аса алма, 50-ден аса алмұрт, 80-нен аса жүзім түрін шығарыпты. Қазір қорда 2 мыңға жуық жаңа сорт бар. Ал биыл өндіріске енгізілетін жеміс-жидектің 5 түрі шаруа қожалықтарының 1 гектар аумағынан 45 тоннаға жуық өнім бермек. Бұрын көрсеткіш әлдеқайда төмен болған.

«Биыл тамызда бақша құлпынайы мен қарабүлдіргеннің вирустан тазартылған жаңа сортын отырғызамыз. Бірақ, бұл өнім тауар ретінде сатылымға шығарылмайды. Ол жидектің сапасы жоғары генетикалық түрі ретінде сақталады. Тек үшінші мәрте репродукцияланғаннан кейін ғана өнім беруге дайын болады», – деді «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертхана меңгерушісі Светлана Долгих.

Жаңа сорттардың тағы бір ерекшелігі – түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді.

«Сорттарға қазақша ат береміз. Ұзақ жылдан бері еңбегі сіңген селекционер мен ғалымдардың атымен де атаймыз. Мысалы «Людмила» сорты біздің институтта талай жыл істеген селекционердің атына қойылған. «Мақсат», «Күләш», «Есин» деген өзіміздің жергілікті жердің атына сай, сонымен қатар өзінің еліне сай қою керек», – деді «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Қазыбаева.

Алайда мамандар ауыл шаруашылығы саласында бірқатар түйткілдің бар екенін де жасырмайды. Маман тапшылығы мен қаржы мәселесі қол байлап тұр. Сондықтан, отандық көшеттерге субсидия көлемі артса деген тілек білдірді.

Тегтер: жеміс-жидек

Соңғы жаңалықтар

Мамырдағы мерекелер кестесі: қазақстандықтар қалай демалады

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында ірі есірткі айналымы әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Қаскелеңде жасөспірім қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында алма шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz