Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бірнеше түйеден бес мың басқа дейін: Сыдық Дәулетов Іле ауданында дауыс берді

Осыдан ширек ғасыр бұрын Іле ауданының Ақши ауылында бірнеше түйеден басталған шаруашылық бүгінде бес мың басқа жетті. 23 тамызда «Дәулет-Бекет» түйе шаруашылығының негізін қалаушы, белгілі кәсіпкер Сыдық Дәулетов өзі еңбек етіп жүрген Іле ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Сыдық Дәулетовтің Іле ауданымен байланысы 2001 жылдан басталады. Дәл сол жылы Ақши ауылында «Дәулет-Бекет» шаруашылығы құрылды. Алғашында санаулы түйеден басталған кәсіп жылдар өте ірі шаруашылыққа айналып, бүгінде мұнда бес мыңға жуық түйе өсіріледі.

Кәсіпкердің есімі 2025 жылы тағы бір ерекше оқиғамен аталды. Іле ауданында ұйымдастырылған ауқымды түйе керуені Гиннестің рекордтар кітабына еніп, қазақтың дәстүрлі түйе шаруашылығына көпшіліктің назарын аударды.

Дауыс бергеннен кейін Сыдық Дәулетов ауыл тұрғындарымен тілдесіп, өзі ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан Ақши ауылы туралы да айтты.

“Менің тірлігім де, кәсібім де осы ауылмен байланысты. Осында шаруашылықты бастадық, осында өсіп-өндік. Ауылдың берекесі — еңбекте. Мал шаруашылығын сақтап, оны заманға сай дамыту маңызды. Ақшидың өсіп-өркендеп, елдің амандығы мен тыныштығы арта беруін тілеймін”, — деді Сыдық Дәулетов.

Бүгінде «Дәулет-Бекет» атауы Ақши ауылымен қатар аталады. Бірнеше түйеден басталған кәсіптің бес мың басқа дейін өскен жолы да осы Іле ауданында қалыптасты.

Сыдық Дәулетов бұл жолы да алысқа барған жоқ: дауысын өзінің шаруашылығы орналасқан, ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан Іле ауданында берді.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz