Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бірінші сынып оқушыларына арналған жаңа бейімдеу бағдарламасы енгізіледі

Қазақстанда қазақ тілінде оқитын, бірақ қосымша тілдік қолдауды қажет ететін бірінші сынып оқушылары үшін арнайы бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. Тиісті қағидалар мен шарттар Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026
Жаңалықтар

Құжат 2026 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бейімдеу бағдарламасы бірінші сынып оқушыларының қазақ тіліндегі білім беру процесіне жеңіл бейімделуіне және қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама сыныптан тыс сабақтар немесе сынып сағаттары арқылы жүзеге асырылады. Сабақтарда мектепте, отбасында және қоғамдық орындарда кездесетін нақты өмірлік коммуникативтік жағдаяттар қолданылады.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Қосымша тілдік қолдауды қажет ететін оқушыны педагог анықтайды. Ол үшін мұғалім баланың оқу процесіне бейімделуін, ауызша және жазбаша сөйлеуді түсіну деңгейін, қарапайым коммуникативтік тапсырмаларды орындау дағдыларын бағалайды.

Бағалау бастапқы, базалық және орта деңгейлер бойынша жүргізіледі.

Егер оқушыға қосымша тілдік қолдау қажет екені анықталса, педагог оны бейімдеу бағдарламасына қабылдау мүмкіндігі туралы жазбаша ұсыным дайындайды. Бұл ұсыным ата-анасына немесе заңды өкіліне жеткізіледі.

Ата-ананың келісімі міндетті

Бейімдеу бағдарламасына қатысу ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ педагогтің ұсынымы бойынша енгізу үшін ата-ананың жазбаша келісімі қажет. Ата-ана немесе заңды өкіл орта білім беру ұйымының басшысы атына жазбаша өтініш береді.

Мектеп басшысы өтінішті қарап, үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы ата-ананы хабардар етуі тиіс.

Ата-аналарға бағдарламаның мақсаты, міндеттері, мазмұны, іске асырылу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ баланың бағдарламаны меңгеру нәтижелері туралы ақпарат беріледі. Бұл ата-аналар жиналысы, консультациялар немесе өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама қалай ұйымдастырылады?

Ата-аналардың өтініштері мен педагогтердің ұсынымдары қаралғаннан кейін бағдарламаға қабылданатын оқушылардың тізімі жасалады. Бұл тізім мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Бағдарлама тиісті оқу жылы ішінде мектеп басшысы бекіткен жоспар мен кестеге сәйкес өткізіледі.

Оны іске асыру үшін білім беру ұйымында қолайлы орта жасалып, коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған оқу-әдістемелік материалдар пайдаланылуы тиіс.

Сондай-ақ педагогтер ата-аналармен тұрақты байланыста болып, бағдарламаның нәтижелері туралы хабарлап отырады.

Қатысуды тоқтатуға болады

Егер ата-ана немесе заңды өкіл баланың бейімдеу бағдарламасына қатысуын тоқтатқысы келсе, мектепке жазбаша өтініш бере алады. Осы өтініш негізінде білім беру ұйымы оқушының бағдарламаға қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрық шығарады.

Министрлік бекіткен қағидаларға сәйкес, бағдарлама тек бекітілген оқушылар тізімі, жоспар мен кесте және қажетті оқу-әдістемелік жағдайлар болған кезде іске асырылады.

Тегтер: кітапминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Алматы облысына – 4 жыл: өңір қандай жетістіктерге жетті?

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Сенат арнайы органдар туралы заңды қабылдады: не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Бірінші сынып оқушыларына арналған жаңа бейімдеу бағдарламасы енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

ТЖД рейдке шықты: Алматы облысында бес кеме айып тұрағына қойылды

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz