Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге қысқарды? Министрлік түсініктеме берді

Қазақстанның Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жалақысының төмендеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

10 маусымда өткен брифингте Серік Жарасбаев спортшының мемлекеттен жалақы алатынын және оның мөлшері заңнамадағы өзгерістерге байланысты қайта қаралғанын айтты.

Оның сөзінше, Бибісара Асаубаева «Спортты дамыту дирекциясы» арқылы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

«2024 жылға дейін оның ай сайынғы жалақысы 1 миллион теңгені құрады. Ал 2025 жылдан бастап жалақысы төмендеді. Бұл рас. Себебі шахмат спорттың 46 басым бағытының қатарына енбей қалды. Өткен жылы біз басым спорт түрлерінің тізімін нақтылайтын жаңа заңнаманы қабылдадық. Тізімге Олимпиада және Паралимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері, ұлттық спорт түрлері, сондай-ақ Азия ойындары бағдарламасындағы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорттар енгізілді», – деді вице-министр.

Серік Жарасбаевтың айтуынша, алдағы қыркүйекте өтетін Азия ойындары бағдарламасында шахмат спорты жоқ.

«Өкінішке қарай, Азия ойындарының бағдарламасында шахмат қарастырылмаған. Сондықтан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бұрынғы көлемдегі жалақыны төлеу мүмкін болмай отыр», – деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінген болатын. Шахматшы өз сөзінде соңғы жылдары спорт саласындағы жауапты тұлғалармен байланыс орнату қиындап кеткенін айтып, қолдау сұраған еді.

Тегтер: Қазақстанспорт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қоқысқа толған жер телімдерінің иелері тексеріледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында «ҚазМясо» бордақылау алаңының әлеуеті талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында құс фабрикасының өндірістік әлеуеті артады

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында тұрғын үй ауласынан шыққан жылан ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысындағы «Кеген – Нарынқол» жолында бір айға қозғалыс шектеледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz