Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Бестөбе алтын кен орнында тағы бір адамның мәйіті табылды

Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішіндегі шахтадан алтынды заңсыз іздеумен айналысқан тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

26.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«Бүгін Бестөбе кенішіндегі «Западная» шахтасынан 610 метр тереңдікте жүргізілген тексеріс барысында 3 адам анықталды. Оның бірі өлі күйінде табылса, екіншісі түрлі дене жарақатын алған», — деді «Алтыналмас» АК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.

Мекемеден атап өткендей, шахтадан табылған адамдардың екеуі Заводской ауылының тұрғындары, үшіншісі Жаңа Қарабұлақ ауылының тұрғыны.

«Шахта ішінен табылған адамдардың барлығы да Бестөбе кенішінің жұмысшылары емес. Үшеуі де бірнеше рет, соның ішінде күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін жауапқа тартылған», — деді АҚ-дан.

Анықталғандай, аталған үш адам алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан. Оларды шахта ішінде опырылған тас үйіндісі басып қалған. Айта кетсек, аталмыш шахтаның жұмыс істемей тұрғанына бір жылдай уақыт болған. Іші жерасты суына толы, сондай-ақ желдету және басқа да инженерлік жүйелері істен шыққан. Сондықтан шахтаға кіру адам өмірі үшін қауіпті.

Еске салайық, бұдан бұрын Бестөбе алтын кенішінен ауыл тұрғынының денесі табылған еді.

Тегтер: Кен орнышахта

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының спортшысы Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында жоңышқа жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Қонаев тұрғындары отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша онлайн кеңес ала алады

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысына 1800-ге жуық адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz