Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесті

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Панфилов ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, өңірдегі бірқатар жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

22.07.2022
Жаңалықтар, Сұхбат
Жетісу баспасөз қызметі

Жетісу баспасөз қызметі

«Ауданның бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 8,5%-ға өсіп, 9,9 млрд теңгені құрады, бюджеттен тыс инвестициялардың үлесі шамамен 50%-ға жетті. Өнеркәсіп өндірісі 13,7%-ға артып, 12,7 млрд теңгені құрады. Бұл ретте «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да 30 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл аудан экономикасына шамамен 505 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Осыны ескере отырып, индустриялық аймаққа Ресей Федерациясынан, Орталық Азия елдерінен компанияларды тарту мүмкіндіктерін қарастыра отырып, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет», — деді өз сөзінде облыс әкімі.

Халықтың барлық сұрақтарына тиісті мекеме өкілдері жауап берді. Бұл ретте Бейбіт Исабаев әрбір айтылған проблеманың негізгілерін тауып, оларды шешудің тиімді тәсілі қажет екенін атап өтті.

«Панфилов ауданы әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы болашағы зор аудандардың бірі. Мысалы, астық жүгері егістігі бойынша аудан облыста 1-ші орында. Бұл жалпы 44,1 мың гектардың 26,6 мың гектарын құрайды, аудандағы бақтардың жалпы ауданы 2,5 мың гектарға жетті. Қыркүйек айында мәслихат сессиясында бюджетті қайта қарайтын болады, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін Жаркент аймағына ерекше назар аударамыз», — деп сендірді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Панфилов ауданына жұмыс сапарының екінші күні облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жаркент крахмал-сірне зауытында, «Универсал» ЖШС полипропилен қаптарын шығаратын зауытта болды. Сондай-ақ, өңір басшысы ауылдық мәдениет үйінің жай-күйімен танысты.

Ал басқосудағы көтерілген келелі мәселелерді инфографикадан оқи аласыздар.

Alataunews.kz ақпараттық агенттігі

1 of 4
- +
Тегтер: Жетісу облысыПанфиловхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Конфликт перерос в убийство в Талгарском районе — погиб молодой человек

Николай Иващенко
12.05.2026

В Балхашском районе продолжается реализация государственной жилищной политики

Николай Иващенко
12.05.2026

Об этике руководителя рассказали в ДСЭК по Алматинской области — Гульжан Аманова

Николай Иващенко
12.05.2026

Линию LRT в Астане запустят на этих выходных

Николай Иващенко
12.05.2026

Подросток избил педагога в коридоре школы под Алматы

Николай Иващенко
12.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz