Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Баян-Өлгейде Қазақстанның консулдығы ашылады

Моңғолияның Баян-Өлгейінде Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026
Әлем, Жаңалықтар, Қоғам

«Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де саладағы ықпалдастығымызды одан әрі арттыруға келістік. Атап айтқанда, біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік. Мұны, шын мәнінде, бауырлас әрі тарихы тамырлас елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сай келетін маңызды қадам деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ бұл моңғол елінің қазақ халқына деген ізгі ниеті мен шынайы достық көңілінің айқын көрінісі екені сөзсіз. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз», — деді Тоқаев.

Осы орайда, Тоқаев Моңғолия президенті Хурэлсух мырзаға зор алғыс айтты.

«Жалпы, сапар барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Бүгін жасалған келісімдер екі елдің алыс-берісін жандандыра түсетіні сөзсіз. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Елдеріміздің экономикалық әлеуетін ескерсек, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндігіміз бар. Осы орайда алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз», — деді Тоқаев.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz