Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас прокуратура Қостанай облысындағы өртке байланысты 3 қылмыстық іс қозғады

ҚР Бас прокуратурасы Қостанай облысындағы өртке байланысты 3 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

04.09.2022
Жаңалықтар

«Қостанай облысының Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында табиғи өртті сөндіру жалғасуда. Төрт елді мекенде (Аманқарағай ауылы, Озерное, Калинин және Лесное) алдын ала мәліметтер бойынша 108-ге жуық тұрғын үй мен ғимарат зардап шекті. Келтірілген залал мөлшері анықталуда. Бүгінде Аманқарағай ауылының тұрғыны — 1936 жылы туған М.И. Бабенконың қаза тапқаны белгілі. Сонымен қатар, 3 қыркүйекте Қостанай қаласында «Оружейная палата» аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды, ал төртеуі қаза тапты», — деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

«Адамдардың қаза болғанын, зардап шеккендердің санын және өрт салдарынан келтірілген шығынды ескере отырып, қылмыстық істер Бас прокуратураның және Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары басшылық ететін тәжірибелі құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінен құрылған тергеу-жедел топтардың іс жүргізуіне қабылданды. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынды», — деп хабар таратты құзырлы орган.

Тегтер: Қостанай

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz