Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балалар интернетте кіммен сөйлесіп жүр? ІІМ ата-аналарға кеңес берді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға интернеттегі қауіптердің бірі – онлайн-груминг туралы ескерту жасады. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс арқылы қаскөйлер балалардың сеніміне кіріп, кейін оларға психологиялық немесе өзге де зиян келтіруі мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

ІІМ мәліметінше, онлайн-груминг – интернет арқылы кәмелетке толмағандармен әдейі байланыс орнатып, олардың сеніміне кіруді көздейтін қауіпті әрекет.

Әдетте мұндай жағдай әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе түрлі интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады. Қаскөй өзін жасөспірім ретінде таныстырып, баламен ортақ қызығушылықтар арқылы жақындасуға тырысады.

Қаскөйлер қалай әрекет етеді?

Мамандардың айтуынша, онлайн-грумерлер алдымен баламен тұрақты байланыс орнатады.

Олар күн сайын хат жазып, ерекше көңіл бөліп, баланың жеке өмірі мен ішкі сырларына қызығушылық танытады. Уақыт өте келе әңгіме жеке сипатқа ауысып, қаскөй баланың тұрғылықты жері, күн тәртібі, достары мен отбасы туралы ақпарат жинай бастайды.

«Кейіннен қаскөй фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберуді немесе жеке тақырыптағы әңгімелерге көшуді сұрауы мүмкін. Сонымен қатар мұндай қарым-қатынастың қалыпты екенін айтып, хат алмасу туралы ешкімге айтпауды талап етеді немесе психологиялық қысым көрсетеді», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның түсіндіруінше, онлайн-грумер – интернет арқылы баламен әдейі танысып, оның сеніміне кіріп, кейіннен зиян келтіруді мақсат ететін ересек адам.

Онлайн-грумингтен қалай қорғануға болады?

ІІМ балаларға және ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:

  • интернетте бейтаныс адамдармен сөйлеспеу;
  • тұрғылықты мекенжай, телефон нөмірі, оқу орны секілді жеке мәліметтерді жарияламау;
  • бейтаныс адамдарға фото және бейнежазбалар жібермеу;
  • интимдік сипаттағы сұрақтар қоятын немесе хат алмасуды құпия сақтауды сұрайтын адамдармен байланысты бірден тоқтату;
  • күмәнді аккаунттарды бұғаттау;
  • күдікті жағдайлар туралы ата-аналарға немесе жақын ересектерге дереу хабарлау.

Ата-аналар нені ескеруі керек?

Министрлік ата-аналарды балаларымен интернеттегі қауіпсіздік мәселесін тұрақты түрде талқылауға шақырды.

Мамандардың айтуынша, баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге, интернетті пайдалану әдеттеріне және жаңа онлайн-таныстарына назар аудару маңызды.

«Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі де шынайы өмірдегідей қырағылықты талап етеді», – деп атап өтті ІІМ баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары интернеттің жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптер де әкелетінін еске салып, ата-аналарды балалардың онлайн кеңістіктегі әрекеттеріне бейжай қарамауға шақырды.

Тегтер: интернетІІМ

Соңғы жаңалықтар

Балалар интернетте кіммен сөйлесіп жүр? ІІМ ата-аналарға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Шеңгелді ауылдық округіне жаңа әкімі сайланды

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Киевте халықаралық есірткі желісіне қатысы бар call-орталықтар жойылды: 11 адам ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

2026 жылы кімдерге жұмыс көп болады? Қазақстандағы ең қажет 10 мамандық жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz