Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Азық-түлік өндірушілерге 100 миллиард теңге бөлінеді

Отандық азық-түлік өндірушілерге өнімін айналымға түсіру үшін үкімет 100 миллиард теңге қаражат бөледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бүгін Алматы облысының бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

08.09.2022
Жаңалықтар
Сурет Alataunews.kz

Сурет Alataunews.kz

Сурет Alataunews.kz

«Отандық өндірушілердің жұмысын бір қалыпқа келтірген соң импортты жауып тастаймыз. Өз өндірушілерімізді барынша қолдауымыз керек. Бұл орайда Үкімет осыған қатысты жол картасын дайындады. Соның бірі — қант мәселесі. Бірақ бұл 3-4 жылда жүзеге асады», — деді Серік Жұманғарин.

Қазақстанда өсетін өнім көп, бірақ пайдаланылмай жатыр. Сондай-ақ сүт өндірушілерге де қолдау көрсетіледі. Өйткені аталған өнім ахуалы жазда жақсарғанымен қыста күрт төмендеп кетеді. Сол себепті олар құрғақ сүт әкелуге мәжбүр. Ол процестің өзі қыруар қаражат тұрады. Сүт өндірушілер жұмыстарын айналымға келтіру үшін Үкіметтен 1 млрд 130 млн теңге сұрап отыр.

«Біз бұл қаражатты береміз. Өйткені шикізат керек. Баға не үшін қымбаттайды, шикізат болмағандықтан көтеріледі. Әрине, бағаға тек шикізат әсер етпейді. Мысалға тасымалдау құны өседі, коммуналдық қызметтер көтеріледі т.т.с. Бірақ бұлар қымбатшылыққа әсер ететін шикізат бағасымен салыстыруға келмейді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Жиында Үкімет отандық өндірушілерді қаржыландыратынын, алайда олар бағаны қымбаттатпай бір қалыпқа ұстауға міндетті екені айтылды.

Тегтер: отандық өнімСерік Жұманғарин

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz