Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылдықтар азайып жатыр — Статбюро

Ұлттық статистика бюросы урбанизацияның әлемдік тренді Қазақстанда да байқалатынын мәлімдеді.

30.10.2023
Жаңалықтар

Санақ қорытындысы бойынша қала тұрғындарының үлесі 5 пайыздық тармаққа өсті, 56,1%-дан 61,2% дейін. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8% дейін азайды.

«Қала халқының саны 2,7 млн-нан астам адамға артты. Өткен 12 жыл ішінде қала халқының ең жоғары өсімі еліміздің 6 өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында байқалды. Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы, онда халықтың 80% — қала тұрғындары (1 млн-нан астам адам)», — делінген ведомство дерегінде.

Республикалық маңызы бар қалалар бойынша, санақ кезінде Астанада 1,23 млн адам тұрды, елорда халқы 12 жылда 2 есе өсті. Алматыда халық саны 2,03 млн, мегаполис тұрғындарының саны 580,6 мың адамға артты. Шымкент қаласының халқы 1,1 млн тұрғынды құрап, 381,6 мың адамға өсті.

Айта кетейік, екі санақ аралығындағы кезеңде аталған қалалардың әрқайсысында қосымша бір-бір ауданнан құрылды.

Халқы 50 мыңнан 99,9 мың адамға дейінгі қалалар саны 8-ден 14 бірлікке дейін өсті.

Тегтер: Ұлттық статистика бюросы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz