Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Елена Рыбакина 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте Еленаның доп берудегі қателігінен кейін И. Швентек брейкпен алға кетті – 2:0. Дегенмен Елена Рыбакина қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 3:3. Сосын тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.
Бір жарым сағатқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Кори Гауфф немесе рейтингте 17-сатыдағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады.