Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атыраудағы атышулы іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Атырау облысы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айып тағылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Полиция мәліметінше, оған енді «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабымен қатар «қылмысты бірнеше рет жасау» айыбы да қосылған. Бұдан бөлек, іс аясында ұрлық және алаяқтық фактілері де қарастырылып жатыр. Бұл эпизодтар қаза тапқандардың мүлкін жымқыру және малын заңсыз сатумен байланысты.

Адвокаттардың айтуынша, Қылмыстық кодекстің аталған баптары бойынша күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Істің қоғамда үлкен резонанс тудыруын ескерсек, ең қатаң жаза тағайындалуы ықтимал.

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі жоғалып кеткен. Кейін олардың мәйіттері табылып, қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық іздеуге жарияланып, ақпанда Индонезияда ұсталды. Кейін тағы екі адамның мәйіті Атырау маңынан табылды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тегтер: Қазақстанқылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz