Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ата-аналардың шағымынан кейін 100-ден астам мектептің әжетханасы жөнделді

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен қолға алынған "Балаға лайық" акциясының нәтижесінде еліміздегі мектептерде әжетханалар мен асханалардың жағдайы айтарлықтай жақсартылды. Заңбұзушылық анықталған 100-ден астам мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер жойылды.

04.11.2022
Жаңалықтар

«Балаға лайық» акциясына осы мәселеге бей-жай қарамайтын еліміздің барлық азаматы қатысып жатыр. Бұл ең алдымен оқушылардың өздері, олардың ата-аналары және басқа да қоғам өкілдері. Акция кезінде мектептердің әжетханалары мен асханаларының қанағаттанарлықсыз жай-күйі туралы барлығы 1 000-нан астам арыз-шағым түсті», — деді оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Мысалы, Павлодар қаласындағы №5 орта мектептің әжетханасындағы кабиналар ата-аналардың министрлік өкілдеріне берген өтінішінен кейін талапқа сай жасалды.

Солтүстік Қазақстан облысы Арықбалық ауылының мектебінде су құбырлары ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орал инновациялық лицейінде асханаға дезинфекция жүргізіліп, оқушыларды тамақтандыру сапасы жақсартылды.

Өтініштерде негізінен жуынатын бөлмелердегі гигиеналық құралдардың жоқтығы, қалқалардың болмауы, сондай-ақ жылы әжетханаларды пайдаланбауға қатысты мәселелер көтерілген. Өтініштердің арасында асханалар бойынша дәмсіз немесе салқын тағамдар туралы ақпарат болды.

Еске салсақ, «Балаға лайық» акциясы «Мектептің жақсаруына көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Акция осы жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады.

Мектеп әжетханалары мен асханаларындағы кемшіліктер туралы ақпаратты What’s App-тағы 8 700 699 04 46 нөмірі арқылы жіберуге болады. Сондай-ақ мектептерге әлеуметтік желілерге сілтемелері бар QR-код қосымша жіберілді.

Тегтер: мектеп

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz