Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанадағы Діндер съезінде Гиннес рекорды орнатылмақ

Іс-шара 6 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында өтетін болады. Қазақстан Гиннес рекордын орнатуды жоспарлап отыр. Танымал продюссер Дәуіт Шайхисламов түрлі ұлт өкілдерінен тұратын ең үлкен оркестр құрмақ, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

29.08.2022
Жаңалықтар

«Бұған дейінгі «Әлем картинасы» жобасы мені шабыттандырды десем де болады. Материалдық емес рухани жағын айтып тұрмын. Мейірімділіктің мол энергиясын алған кезде сол энергияны өзгелермен де бөліскің келіп тұрады. Жаңа жоба идеясы біраздан бері пісіп жетілген еді. Дегенмен, оның басталуына қыркүйек айының ортасында Қазақстан елордасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетіндігі туралы хабар түрткі болды. Осынау жаһандық оқиғаға Рим Папасының келетіндігі де жоспарланған. Қазақстанның бас қаласына ғаламшардың барлық түкпірінен түрлі конфесссия өкілдері келген кезде оларды көпұлтты оркестрдің қарсы алуының символдық мәні бар», — деді Дәуіт Шайхисламов.

Оның айтуынша, «Әлем музыкасы» деп аталатын жоба аясында бір сахнада түрлі халық пен ұлттық ең көп өкілі бас қосып, музыкалық шығарма орындайды. Осылайша, ең көпұлтты оркестр ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ену көзделген. Қазіргі уақытта музыканттар worldrecord.kz жобасының ресми парақшасына өтінім қалдырып жатыр.

«Әзірше қанша адам қатысатындығын айтпаймын. Өйткені, рекордтың әсері болмай қалады. Яғни, соңына дейін, Гиннес рекордтар кітабы өкілі қатысушылардың нақты санын айтқанша құпия ұстаймыз», — деді ол.

Дәуіт Шайхисламовтың сөзіне қарағанда, музыканттардың қандай шығарма орындайтынына қатысты алдын ала уағдаластық бар. Іс-шара 6 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында өтетін болады.

Тегтер: рекорд

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz