Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада Қытай тілін оқытатын Орталық Азиядағы алғашқы білім орталығы ашылды

Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және мәдени байланыстардың жаңа кезеңі басталды. Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU) филиалы ресми түрде ашылып, ол Орталық Азиядағы қытай тілін оқытатын алғашқы жоғары білім беру орталығы атанды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.11.2025
Жаңалықтар

Филиал Халықаралық Астана университетінің базасында жұмыс істейді және қазақстандық студенттерге Қытай Халық Республикасындағы жетекші университет стандарттары бойынша Қытай тілі мен мәдениеті бойынша толыққанды білім алуға мүмкіндік береді. Оқу процесі Қытайдан арнайы шақырылған профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен жүргізіледі.

Бейжің тіл және мәдениет университетінің президенті Пен Дуань бұл оқиғаның стратегиялық мәніне тоқталды.

«Тіл мен мәдениет – мемлекеттерді жақындастыратын көпір. 2024 жылы Орталық Азияда алғашқы қытай тілін оқыту орталығының ашылуы – екі елдің сенімі мен өзара түсіністігінің нәтижесі. Бұл жоба Қазақстан Президентінің жеке назарымен жүзеге асты», – деді ол.

Қазақстан Үкіметі жаңа білім орталығында оқуға 80 грант бөлді. Бұл – Қытай бағытында білікті мамандар даярлауға басымдық беріліп отырғанын көрсетеді.

Филиалда білім алушылар қытай тілін қазақ немесе орыс тілімен қатар меңгеріп, дипломатия, халықаралық бизнес, мәдени байланыстар, аударма ісі және экономикалық серіктестік салаларында жұмыс істей алады.

Өзара ынтымақтастықтың маңызды бөлігі – Қытай университеттерінде қазақ тілі мен мәдениеті бағдарламаларының ашылуы. Бүгінде бес ірі жоғары оқу орнында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Далянь шетел тілдері университеттері және ҚХР Орталық Ұлттар университеті) қазақ тілі пәні оқытылады.
Бұл бағдарламалар Қазақстан тарапынан қолдау тапқан және екі ел арасындағы мамандар алмасуын нығайтуға бағытталған.

Қазақстан делегациясының ҚХР-ға сапары аясында Бейжіңде Қазақстанның Мәдени орталығы ашылды. Жаңа алаң мәдени, ғылыми және жастар бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пен Дуань бұл бағыттағы жұмысты жоғары бағалай келе:

«Сапалы білім – табысты дипломатия мен стратегиялық серіктестіктің негізі. Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа білім орталықтары елдеріміздің болашақ мамандарын тәрбиелейді», – деп атап өтті.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚытай

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz