Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада ерекше балаларды қорлаған блогерге әкімшілік іс қозғалды

Астанада ерекше балалар мен олардың ата-анасына қатысты әдепсіз сөз айтқан блогер ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.12.2025
Жаңалықтар

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, 2025 жылғы 2 желтоқсанда азаматша О.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс тіркелген.

Іс материалдарына сәйкес, блогер Instagram парақшасында видеоролик жариялап, онда қоғамға және ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жоқ, себебі құқықбұзушылық әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралады. Сот отырысында азаматша қорлайтын сөз қолданғанын мойындағанымен, ерекше балаларды қорлау ниеті болмағанын айтып, кінәсін ішінара мойындады.

ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша құқықбұзушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 20–60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту, не 5–15 тәулік аралығында әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды», — делінген полиция хабарламасында.

Тегтер: қылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz