Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру ісі тергелуде

Астана қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2025
Жаңалықтар

Жымқыру схемасы қалай жүзеге асқан?

2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспараясында сот сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінген.

Алайда, 2023-2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын ала келісіп, жабдық бағасын үш есе асырып көрсеткен. Олар бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы қымбат жабдықтарды сатып алуға негіз жасаған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, тендерлік құжаттамада тек өздері білетін компаниялар ұсына алатын жабдықтардың техникалық сипаттамаларын көрсеткен.

Тәркіленген мүлік пен бұғатталған қаражат

ҚМА мәліметінше, тергеу аясында мүлікті тәркілеу мақсатында:

  • Алматы қаласында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын екі жер телімі,
  • Астана қаласындағы пәтер,
  • BMW X6 және Toyota RAV 4 автокөліктері тәркіленді.

Сонымен қатар, күдіктілерге тиесілі:

  • 1,6 миллиард теңге,
  • 367 мың АҚШ доллары,
  • 366 мың еуро сомасындағы қаражат банк есепшоттарында бұғатталды.

Күдіктілер қамауға алынды

Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және мердігер ЖШС басшысы ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Тегтер: жемқорлықтергеу

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области широко отметили День единства народа Казахстана

Николай Иващенко
01.05.2026

В Илийском районе в рамках празднования 1 мая — прошёл экологический субботник на территории зоны отдыха «Первомайские пруды»

Николай Иващенко
01.05.2026

Дух единства и спорта: в Илийском районе отметили 1 мая и открыли футбольный сезон

Николай Иващенко
01.05.2026

Какая погода будет на майские праздники в Алматинской области

Николай Иващенко
01.05.2026

Токаев поздравил казахстанцев с Днем единства

Николай Иващенко
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz