Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Астана күні мерекесі Қонаев қаласының төрінде тойланды

Астана күні мерекесі қала тұрғындарына қуанышты көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі

07.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Бұл күні балалар арасында жамбы ату, асық, бестас сынды ұлттық ойындар ойнатылып, бокс, каратэ түрлерінен шоу көрсетілді. Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев бастаған спорт сайыпқырандары озық шыққан балалар мен командаларға жүлде табыс етті.

«Алатау әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті. «Гүлдер» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан бұйымдар көрмеге қойылып, қонақтардың назарына ұсынылды.

— Мұндағы заттардың бәрін балдырғандарымыз өз қолымен жасады. Әрине, ата-ана мен біздің үлесіміз бар шығар, десе де, ынталы балалар өздерінің ойындағы заттарын нақыштап, зерлеп бүгінгі мерекеге тарту етіп отыр. 275 бала тәрбиеленіп жатқан біздің балабақшамыз «Гүлдер» деп аталғандықтан, мұндағы бұйымдардың барлығы гүлмен көмкеріліп жасалынған, — дейді балабақша тәрбиешісі Гүлнар Нұрдәулет.

Алаңда садақ асынған жеткіншектер көпшілік назарын аударды.  Садаққа тағар сайгез оғын сайлап, жамбыны нысанаға алған жас мергендердің тәлімгері Алдияр Нұрғазиев: «Бұл сақ жауынгерлерінің дәстүрлі киімі. Біз оқушыларды тек оқ атуға ғана үйретіп қоймай, атқа отыруға, жылқы баптауға баулимыз», — дейді.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтар «Айбыны асқақ, тұғыры биік– Елорда» атты кітап көрмесін тамашалап, Нұр-Сұлтан қаласы жайлы туындылармен танысты.

Мерекелік шара кешке қарай өнер жұлдыздарының гала-концертімен жалғасты.

 

1 of 19
- +
Тегтер: Қонаевмереке

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz