Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын айтты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2026 жылғы 21 сәуірде Ақорда кулуарында LRT жүйесін жақын апталарда іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026
Жаңалықтар, Қоғам

«Барлық сынақ кезеңдері толық әрі сәтті аяқталды. Қазіргі таңда 18 пойыз тұрақты қатынап жатыр, олардың аралығы шамамен 3,5 минутты құрайды. Жылдамдығы жоғары – бір нүктеден екінші нүктеге жету уақыты өзге көлік түрлерімен салыстырғанда екі есеге жуық қысқа. Пойыздар заманауи, қолайлы әрі жүргізушісіз жүйемен жұмыс істейді.

Ендігі кезекте станциялар маңын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады. Барлық 15 станцияға жаяу жүргіншілер үшін қолжетімділік қамтамасыз ету жоспарланып отыр, соның ішінде тұрғын үйлер әлі салынып жатқан аудандар да қамтылады. Жаз соңына дейін асфальт төселіп, аумақ толықтай абаттандырылады. Негізгі нысандар – Abu Dhabi Plaza, «Астана Арена», Mega, әуежай және жаңа теміржол вокзалы маңындағы станциялар толық дайын», – деді әкім.

Сонымен қатар, әкім LRT жүйесінің қыс мезгіліндегі жұмысына қатысты алаңдаушылықтарға да жауап берді. Оның айтуынша, биыл қар тазалау техникасы қолданылмаған, себебі ол енді ғана жеткізіліп жатыр. Дегенмен келесі қысқа дейін жүйе толық дайын болады. Сондай-ақ ол рельстерге қар жиналмайтыны атап өтілді.

Тегтер: ЕлордаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz