Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр

Еліміздегі ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты.

28.03.2023
Жаңалықтар

«Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 94 арнайы камера орнаттық. Қазір соның 33-і іске қосылды. Жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан болады. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен бірлесе жолдардың бойында тиісті құрылғыларды орнату жұмыстарын қолға алдық. Астана мен Бурабай аралығында осындай камералар іске қосылған. Осы орайда автокөлікпен тым қатты жүргендерге айыппұл салынып жатыр», — деді А. Беков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, автобанда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Алайда кейбір жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді.

«Қала ішінде «Сергек» камералары жылдамдықты өлшейтінін білесіздер. Осы орайда енді республикалық жолдарда да осындай жүйе іске қосылып жатыр», — комитет өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта осындай камералардың саны артады.

«Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдың 11 мың шақырымы ақылы болады. Осы жолдарда аталған камераларды іске қосамыз. Бұл құрылғылар 2030 жылға дейін орнатылады», — деді Амангелді Беков.

Тегтер: автокөлікақылы жол

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz