Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ақтас полигонындағы өрт: Марат Сұлтанғазиев экологиялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Ақтас ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өрттен кейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев оқиға орнына барып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңір басшысы экологиялық қауіпсіздікке салғырт қарауға болмайтынын айтып, полигон иесін анықтап, заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Еске салайық, 18 шілде күні полигонда өрт шығып, жалын шамамен 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 45 қызметкер мен 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, жалынның кең аумаққа таралуына жол берілмеді.

Мамандар өрттің қайта тұтануының алдын алу үшін жанған аумаққа инертті материалдар төгіліп, Үлкен Алматы каналынан үздіксіз су жеткізілгенін айтады.

Тексеру барысында полигон аумағының жартысы жекеменшік иесіне тиесілі екені белгілі болды. Өрт дәл осы аумақта шыққан. Алайда жер телімінің меншік иесі әлі анықталмаған.

Ал полигонның қалған бөлігін соңғы он жыл бойы «ECO SERVICE GROUP» ЖШС пайдаланып келеді. Компания тұрмыстық қалдықтарды қабылдау және сұрыптау жұмыстарын жүргізеді. Дегенмен облыс әкімінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.

Оқиға орнында болған Марат Сұлтанғазиев экологиялық талаптардың сақталмауы тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі қауіп төндіретінін атап өтті.

«Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Себебі бұл – тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның жай-күйіне тікелей әсер ететін мәселе. Полигондағы барлық талаптың сақталуын бақылауда ұстау керек. Меншік иесін шұғыл анықтап, заң аясында тиісті жауапкершілікке тарту қажет. Экологиялық қауіпсіздікке салғырт қарауға болмайды», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметіне полигондағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын күшейтуді, сондай-ақ мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін бақылауды қатаңдатуды тапсырды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда жағдай толық бақылауға алынған. Өрт толық сөндіріліп, жалынның қайта таралу қаупі жойылған. Полигон штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алкоголизм – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Диана Ахметова
23.07.2026

Алматы облысында жабайы қарасора жинаған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Диана Ахметова
23.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz