Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақмола облысында күдіктіні ұстау үшін алғаш рет әйелдер арнайы жасағы жұмылдырылды

Ақмола облысында есірткі заттарын дайындап, өткізіп жүрген азаматтық некедегі отбасылық жұп ұсталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

25.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Күдіктілерді құрықтау үшін алғаш рет әйелдерден құралған арнайы жасақ тартылған. Ұсталғандар есірткі заты-гашиш майын дайындауға және одан әрі өткізуге әрекеттенген. Айта кетейік, Атбасар қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткімен байланысты біраз заң бұзушылықты анықтады.

«Полицейлер анықтағандай, 38 жастағы ер адам мен оның азаматтық некедегі 37 жастағы жұбайы екеуі үй жағдайында каннабистен қарасора сығындысын жасап, одан алынған есірткіні сатқан. Сондай-ақ, ер адам бұрын есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша сотты болғаны және өзінің де есірткіні тұтынатыны белгілі болды», — деді ведомство өкілдері.

Полиция есірткі сатуға әрекет жасаған күдіктіден 4 грамнан астам гашиш майын алды. Олардың тұрғылықты жерінен де ұқсас зат табылып, тәркіленді. Ұсталу кезінде күдікті әйел полицейлерге қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында қала тұрғыны қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297 — бабының 3-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: Есірткіқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz