Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты елді мекендерде аэрация жұмыстары күшейтілді. Бұл шаралар жол жабынының қызып кетуін төмендетуге, ауадағы шаң-тозаңды азайтуға, санитарлық жағдайды жақсартуға және жоғары температураның жол инфрақұрылымына тигізетін кері әсерін азайтуға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аэрация жұмыстары күн сайын төрт мезгіл – сағат 11:00, 13:00, 15:00 және 17:00-де жүргізілуде. Ол үшін суару-жуу құрылғыларымен жабдықталған, әрқайсысының сыйымдылығы 8 текше метр болатын ондаған арнайы су таситын техника жұмылдырылған.

Ауаны ылғалдандыру шаралары Қонаев қаласы мен Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында жүргізіліп, 15 көше мен қоғамдық орынды қамтыды.

Атап айтқанда, Қонаев қаласында негізгі көшелермен қатар №6 қалалық жағажай мен балалар ойын алаңдарына су бүркіліп жатыр. Сондай-ақ Қаскелең, Есік және Талғар қалаларындағы орталық көшелер мен халық көп шоғырланатын аумақтарда да аэрация жұмыстары ұйымдастырылған.

Жұмыстарды орындауға 11 мердігер ұйым тартылған. Олар арнайы техниканың уақытылы шығуын қамтамасыз етіп, белгіленген кестеге сәйкес жұмыстарды жүргізуде.

Облыс әкімдігі қоғамдық орындарда жүргізіліп жатқан су бүрку жұмыстары тұрғындардың аптап ыстықты жеңіл өткеруіне ықпал ететінін атап өтті. Әсіресе балалар демалатын алаңдар мен серуендеу орындарында жүргізілетін аэрация олардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жоспарға сәйкес аэрация жұмыстары 20 шілдеге дейін жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz