Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Аңсаған сәби» бағдарламасы: Түркістанда 100-ден астам нәресте өмірге келді

Түркістан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 100-ден астам нәресте өмірге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістанға келген сапарында айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана, оның ішінде Түркістан облысында – 2 перзентхана салу жоспарлануда», — деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, еліміздің бас дәрігері «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Түркістан облысында 100-ден астам нәресте өмірге келгендігін айтып өтті.

«2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. 2021 жылы Түркістан облысында 453 квота бөлінді. 62 әйел жүкті болып, 106-сы бала туудың бақытына ие болды», — деді министр.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету туралы айтты. Мәселен, 2021 жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3050 түлегі бөлінді. Оның ішінде Түркістан облысына – 180 түлек жіберілген. Ал, биыл 170 түлек жіберу жоспарланып жатыр.

2025 жылға қарай республикалық бюджет есебінен гранттар саны 2000-ға дейін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1500-ден астам грант ұлғайтылатын болады.

Тегтер: түркістан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz