Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Амандық Баталовтың жүргізушісіне заңсыз берілген пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды

Талдықорған қаласының әкімдігі Амандық Баталовтың жүргізушісі заңсыз алынған пәтерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

15.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы облысы экс-әкімінің Николай атты жүргізушісі 2015-2020 жылдар аралығында пәтер алған. Қалалық тұрғын үй комиссиясы тексеруі кезінде баспананың заңсыз берілгені анықталды.

«Экс-әкімнің жүргізушісіне Талдықорған қаласының 8-шағынауданы, 7«А» үйінен бір бөлмелі қызметтік тұрғын үй берілген. Ол енді А. Баталовтың жүргізушісі болмағандықтан, өз еркімен пәтерді тұрғын үй-коммуналдық қорына қайтарды», — деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Қазіргі уақытта Талдықорғанда заңсыз алынған 37-ден аса пәтер әшкереленіп, мемлекет меншігіне қайтарылды. Тізімде қазіргі және бұрынғы шенеуніктер де бар.

Қала әкімі Әсет Масабаевтың төрағалығымен тұрғын үй комиссиясы қайтарылған пәтерлердің 11-і кезекте заңды тұрған азаматтарға үлестірілді.

Мәди Шәкеновтың айтуынша, Талдықорғанда соңғы 5 жылда 1 066 пәтер заңсыз таратылғаны белгілі болды.

Тегтер: пәтерТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz