Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркінде құлан саны 3500-ден асты

Жыл сайын ақпан айының ортасында «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген тұяқтыларға санақ жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Экология министрлігі.

21.02.2023
Жаңалықтар

Биылғы жылғы санақ жұмыстарына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшылығы және басқа да тиісті мамандар қатысты.

«Қарақұйрық, құлан және арқарды санау үшін кемінде екі күн кетеді. Аталған жұмыстар таңның атысымен жабайы аңдар жайылымға шыққаннан басталады. Аңдарды санау атпен және автокөлікпен жүргізіледі. «Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркі аумағына 1982 жылы Барсакелмес аралынан әкелінген 27 Түркімен құланы Жетісу өңіріне жатсынбай жерсініп, бүгінде олардың саны 3 500-ден асқан. Санақ нәтижесі бойынша қарақұйрық саны 5 360, ал арқар саны 179 басты құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Естеріңізге сала кетейік, мұндай санақ барысында 20% ауытқушылық болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Бүгінде ұлттық парк қызметкерлері саны көбейген Түркімен құланын, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақ территорияларына жіберіп, жерсіндіруді қолға алған. Мәселен, былтырғы жылы «Іле-Балқаш» резерваты аумағына 60 бас, «Алтын дала» қорығына 4 бас құлан жіберілген. Аталған ЕҚТА аумақтарына жалпы саны 240 құлан жерсіндіру жоспарда бар.

Тегтер: Алтын-Емелқұлан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz