Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыдағы жартылай марафонда екі адам көз жұмды

Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы қайтыс болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2025
Жаңалықтар

 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, бүгін өткен Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы — 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды.

Аққоян Рсалиев 2021 жылдан бері жүгіру жарыстарына қатысып келген. Бұған дейін 21,1 км және 10 км қашықтықтарын сәтті еңсерген.

Бүгін Әл-Фараби даңғылы бойында, қашықтықтың алғашқы шақырымында оған кенеттен өзін жайсыз сезініп, бір минуттың ішінде жедел жәрдем бригадасы келгенімен, пульсі болмаған.

«Алдын ала қорытынды — өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Созылмалы артериялық гипертензия болған», — деді 2/51 бригадасының дәрігері Әлібек Қожаназаров.

Нұрбол Ахмади бұған дейін 10 км қашықтықта жүгірген. Бүгін 16-шы шақырымда есінен танып қалған. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық әрекеттер жасағанымен, нәтиже болмаған.

Медициналық мамандардың айтуынша, қатысушылардың нақты өлім себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталып, нәтижесі жақын күндері туыстарына хабарланады.

Тегтер: қазақстанқайғылы оқиға

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz