Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыдағы кардиологиялық орталықта шу шықты

Алматыдағы кардиологиялық орталықтың дәрігерлері жаңа басшы келгелі айлығы қысқарып, жұмыста мазасы қашқандарын айтады. 30 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыстан кетуге мәжбүр. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Телеарна мәліметінше, медицина қызметкерлерінен бастап, орталықтың есеп-қисабын жүргізетін есепшілер де басшылықтың қысымы жұмыстан кетуге мәжбүр етті дейді.

“Ең алғаш бұл кісі келмей тұрғанда отделениеде мен ставка және қосымша жарты ставка алғанбыз. Бұл кісі келгенде жарты ставкалардың бәрін қысқартып тастады. Менікі басында 300-350 болса, кейін мына жерге келгенде 170 мыңға түсті”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сәуле Ынтымақова.

Одан бөлек, жаңа басшы мекеменің атына дақ түсірмеу үшін ауыр науқастарды қабылдамайтын көрінеді.

“Олар өздерінің статистикасын құртпас үшін жағдайы ауыр науқастарды қабылдаудан бас тартады. Ал бұрын бізге қаланың барлығы келетін. Бұрын бізде жолға қойылған жұмыс болған. Ұзақ жылдың тәжірибесі бар мамандар болды”, – дейді қала тұрғыны Рая Әмірсейітова.

Кардиологиялық орталықтың басшысының айтуынша, науқастарға тиімді ем-шара жасау үшін жаңа технологиялар әкелініп, орталықта біраз өзгерістер болған. Жұмыстан өз еркімен кеткен жандардың орнына өзге мамандар келген екен. Орталықтың басшысы зейнет жасына жеткенін алға тартып, қызметіне адал екенін айтады. Сөзіне сенсек, бүгінде орталықтағы өлім жағдайы 200 есеге дейін төмендеген.

“Былтыр қазан, қараша, желтоқсанды алсақ, сол кезден бастап 25—27 шақты адам жұмыстан кетті. Өз еркімен жұмыстан шықты, оларды ешкім қуған жоқ. Біз орталыққа өзгерістер енгіздік. Бірақ ұжымдағылар ол өзгерістеріді түсінбеді, қабылдай алмады. Бір жыл ішінде орталықтағы өлім көрсеткіші 200 есеге төмендеді”, – дейді орталық басшысы Роза Қуанышбекова.
Тегтер: ауруханаЖәнібек Әлімханұлы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz