Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда студент қыздардың жеке деректері тарап кетті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері тарап кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

«WhatsApp желісіндегі 190 адамнан тұратын старосталар тобында студент қыздардың тізімі бар 4 құжат жіберілген (1-курстан 4-курсқа дейін). Қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек екен. Қарапайым тізім болса не керек, онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа олардың ЖСН, ұялы телефондары және медициналық деректері болған. Сондай-ақ, олардың қайсы вирго (гинекологиялық тілмен айтқанда — пәк), қайсы вирго емес екені туралы ақпарат бар. Құжаттар топтарға, факультеттерге және т.б. чаттарға тарап кеткен. Бәлкім, оны бүкіл университет көрген шығар», — делінген жазба Qumash Telegram-арнасында пайда болды.

Министр Саясат Нұрбек журналистерге оқиғадан хабардар екенін айтты.

«Жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру, әрине, заңды бұзу болып табылады. Біз бұл мәселені бақылауға алдық, өйткені бұл жерде тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнама бойынша жазаланады. Бұл туралы заң бар. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық болуы мүмкін.

Сірә, бұл жеке деректерге немқұрайлы қарау. Бұл мәселені қатаң реттеу керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. Тіпті жеке куәлікті де мессенджер арқылы жібереміз», — деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы.

Тегтер: студентуниверситет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz