Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда қылмыстық топтың тағы бір мүшесі ұсталды

Алматыда ауыр қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан қылмысты топтың халықаралық іздеуде жүрген тағы бір мүшесі ұсталды.

21.09.2023
Жаңалықтар

Қалалық прокуратура хабарлағандай, 2023 жылдың тамызында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі К.С. ұсталды.

Ол ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігінде және 216-бабы 3-бөлігінде (жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топты құру) көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.

«Күдікті жосықсыз кәсіпкерлерге жасалмаған қызметтер мен жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазып берген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал көлемі 870 миллион теңгені құрады», — делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен қамауға алынды. Қазіргі кезде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктіні ұстау жұмысын Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізді.

«Қылмыс істегені үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адамдарды іздестіру жұмыстарын жандандыру жалғасып жатыр», — дейді прокуратура өкілдері.

Тегтер: алматықылмыстық топ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz