Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда қоғамдық маңызы бар жобалар үшін 222 жер телімі сатып алынды

Қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.01.2024
Жаңалықтар

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл жер учаскелері мектеп, емхана мен саябақтар салу үшін қажет.

Жалпы мына жобалар бойынша сатып алу жұмыстары аяқталды:

  • Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық;
  • Бостандық ауданында жайлы мектеп салу, Әуезов ауданы Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана;
  • Абай-Тұрғыт Озал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру;
  • Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу;
  • Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша;
  • Түрксіб ауданы Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және тағы басқа жобалар.

«2023 жылы қалада жер комиссиясының 4-отырысы өткізіліп, 2 818 өтініш қаралды. Алматы қаласы әкімдігінің 1 478 жеке тұлғаға және 2 448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га», – делінген әкімдік хабарламасында.

Тегтер: алматыәкімдікжер

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz