Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде адам өлтірген инкассатор 8 жылға сотталды

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде ақша айырбастау пункттерінің бірінің жанында кісі өлтірді деген күдікке ілінген адамға қатысты үкім шығарды.

08.02.2023
Жаңалықтар

Сот анықтағандай, былтыр қаңтар айында төтенше жағдай кезінде инкассатор болып жұмыс істейтін сотталушы Б. ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасалғаны туралы шақыртуға барған. Жоғарыда аталған жерге ол әріптестерімен бірге келгенде жәбірленуші Н. және басқа да адамдарды көрген. Ал ақша айырбастау пункті тоналған.

«Сотталушы Б. ұрыларды далаға шығарып, қолдарын байламақ болған, оған жәбірленуші Н. қарсылық көрсетіп, қашып кетуге әрекет жасаған. Осы кезде жәбірленушіні қуып жеткен сотталушы оның арқасынан атқан. Жараланған Н. көп қан жоғалту салдарынан ауруханада көз жұмды», — деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айып тағылды. Сот жаза тағайындау кезінде кінәсін ішінара мойындау түріндегі жазаны жеңілдететін мән-жайларды және сотталушының асырауында жас балалардың болуын ескерді.

«Сот үкімімен Б. абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Инкассатор 8 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады соттан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: алматықаңтар оқиғасықылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz