Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда әйел балаларын Сайран көліне батырмақ болды

Бұл жайлы Алматыдағы "Бақытты отбасы" орталығының басшысы Ақмарал Басирова Facebook парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

23.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Алматыда анасы Сайран көліне батырмақ болған үш бала құтқарылды. Балалардың кішісі 1 жас 2 айда болса, қалған екеуі – 3 және 4 жаста.

«Тағы да балаларын өлтіруге оқталу оқиғасы. Бұл жолы анасы балаларын Сайрандағы суға батырып өлтірмек болды. Екі бала суға шашалып қалған. Оларды кездейсоқ куәгерлер құтқарып қалды. Егер өтіп бара жатқан адамдар болмаса екі сәби тірі қалмас еді. Оларға анасы бірінші рет қастандық жасамаған көрінеді», – деп жазды орталық басшысы.

Қоғам белсендісінің жазуынша, балалардың әкесі – үлгілі отағасы. Күндіз-түні жұмыс істейді.

«Пәтер жалдап тұрады. Көршілері балалардың анасы туралы жағымсыз пікірде. Әкесіне көзқарастары түзу. Қазір бүкіл отбасы аудандық ішкі істер бөлімінде. Біздің ауданның қамқоршылық кеңесі әрдайым еш әрекет істей алмайды. Біз іс қозғауды және балалардың анасын мәжбүрлеп емдетуді талап етеміз», — деп ақпар қалдырды Ақмарал Басирова.

Құқық қорғаушының айтуынша, балаларды құтқарған жастар жедел жәрдем шақырған. Оларды №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына алып кеткен.

Тегтер: Сайран

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Диана Ахметова
24.08.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Диана Ахметова
24.08.2026

Құрылтай сайлауы: СОЦИС-А экзитпол нәтижелерін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz